Болашақтың жас инспекторлары

(1 Vote)

Әрбір мектепте «қозғалыстың жас инспекторлары» жасақтарының құрылуы-балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу болып табылады.

Оның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, олардың жолда жүру кезінде жарақаттануын болдырмау. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес аудан көлемінде мектепаралық 6-7 сыныптар оқушылары арасында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» слетінің аудандық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Сайысқа өз шеберлігін сынауға ауданымыздың 15 мектебі қатысты. Атаулы жарыс «Саптық дайындық», «Жол белгілерінің білгірлері», «Жас реттеуші», «Эрудит турнирі», «Жас санитар» «Үгіт бригадасы» сынды 6 бағыттан тұрды.

Нәтижесінде М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің «Вираж» тобы Бас жүлдеге ие болып, облыстық слетке жолдама алды. Облыстық деңгейге дайындала жүріп, оқушыларымыз әр бағыт бойынша өздерінің жаңа қырларын көрсете білді.

Слеттің облыстық кезеңінде оқушыларымыз ауданымыздың намысынқорғап, жүлделі 2 орынды иеленді.

Мектебіміздің мақтаныштарымен біз де қуанамыз. Жеңіс құтты болсын «Вираж» жас инспекторлар тобы.

 

Гапуова Акбота Женисовна

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521