Бөкейхан спорт мектебінде - жаңа басшы

(0 Votes)

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты, Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылдық округіндегі Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып Серікбол Ғаббасов тағайындалды.

Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымына жаңа басшыны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Қайыржанұлы таныстырды.

Серікбол Ғаббасов – 1985 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы университетті дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Нұржау орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады.

2018-2022 жылдары Атырау облыстық Джиу-джитсу федерациясында вице-президент қызметін атқарды. 2022 жылдан күні бүгінге дейін Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы болып қызмет етіп келді. Серікбол Аманғалиұлының осы саладағы жалпы еңбек өтілі – 15 жыл.

Оның шәкірттері әр жылдары облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бөкейхан Ауылдық Округі Әкімшілігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT