Бөкейхан ауылдық округі әкімінің есебі тыңдалды

(0 Votes)

22 тамыз күні аудан әкімі Абат Жанғалиев Бөкейхан ауылдық округінде болып, тұрғындармен бірге ауыл әкімдерінің есебіне қатысты.

Округ әкімі Жүсіп Төреғалиев атқарған жұмыстарынан есеп беріп, алдағы мақсат-міндеттерін жеткізді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебініің аймағына және Қ.Сәтпаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орналастыру жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталған. Бұдан басқа округ көлеміндегі Алтынсарин, Сәтпаев көшелеріндегі 61 электр бағаналарын жаңасына ауыстыруға және аталған көшелерге 250 КВ болатын қосымша 3 дана трансформатор орнату үшін 65 993,0 мың теңге қаражат бөлінген. Қыркүйек айында жауапты мердігер мекеме трансформаторды орнатып бастайды. Осындай ағымдағы жұмыстарды қамтыған округ әкімінің баяндамасынан соң кезек ауыл тұрғындарының сауалдарына берілді. Ауыл ақсақалы Якуб Ысмағулов ауыз су, каналдарды түп тереңдетуге қатысты ұсыныс-пікірін білдірді.

Сонымен қатар, ардагер өзге елмен шекаралас жатқан ауылды толықтай жарықтандырса, сырттан келер халыққа жақсы әсер қалдырар еді деген ойын да айтып өтті. Осы ауылдан сайланған депутат Нұргүл Дүйсенбайқызы сөз алып, ауылда бой көтеретін мәдениет үйі, «Павлодар өзен порты» АҚ атқарған түп тереңдету жұмыстарынан кейін ауыл шаруагерлері көтерген өткелдерді аршу, теректерді қалпына келтіру жұмыстарына қатысты мәселе қалай шешіліп жатқанын сұрады. Сонымен қоса, ауыз суға қатысты сауалды округ әкімдігімен біріге отырып жеделдетіп шешсек деген ұсынысын білдірді.

Жиында аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы сөз алып, ауылға қатысты көтерілген мәселелерге жауап берді. Атап айтқанда, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде огругке 300 орындық жаңа мәдениет үйін салу бойынша, 2022 жылы материал бағаларының күрт қымбаттауы себепті құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.

Қазіргі уақытта жобаға өзгерістер енгізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкілдерімен жолыққанда, іргетасын құю жұмыстары қыркүйек айында бастау алатыны айтылған. Бүгінгі күні нысан басында жер тегістеу, қоршау жұмыстары атқарылуда.

Одан бөлек кездесуде айтылған мәселелерге орай аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT