Бөлініп қалған шабақтар құтқарылып жатыр

(0 Votes)

Жалпы ауданымыз бойынша 7 үлкен канал мен 85 өзек және аумағы әртүрлі 125 көл бар. Биыл олардың бәріне де су келді. Күн тез ысып, өр суы ерте қайтуына байланысты оларда мыңдаған шабақтар бөлініп қалды.

«Балық шабақтан өседі», дегендей, балық қорының көбеюіне жағдай жасау біздің бірден-бір міндетіміз. Бұл «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің балық қорын дамыту жоспарында қаралған. Су келіп кеткеннен кейін арнайы бригада бөлініп, канал қазып, балық жолдарын тазартып, шөптерін шауып шабақтарды құтқарумен айналысады. Қалыптасқан дәстүріміз биыл да жалғасып, осы жазда да арнайы құрылған бірнеше топ «Каспий-Балық» ӨК-не қарасты Құрманғазы, Теңіз, Бірлік, Амангелді ауылы маңынан 15 мыңдай шабақты құтқарды. Шабақтар аумен сүзіліп, үлкен өзектерге апарып жіберілуде. Маусым айының 18-інде шабақ құтқару жұмыстары басталды. Аудан бойынша 6 табиғат пайдаланушының көмегімен қазір де жалғасуда. Балық иснпекциясының 8 инспекторы да ортақ іске атсалысуда. Олар әрбір округке бөлініп қойылған. Халық игілігін сақтау және көбейту бағытындағы жұмыстана береміз.

Әліби Теміртасов,

«Каспий-Балық» ӨК директорының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT