Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылының Н.Аймашев, Д.Сатылғанов, Л.Құрманбаев көшелеріне жаңадан бағана мен көше жарықтарын орнату және әуе электр желісін тарту бойынша ЖК “Абулхайров А” мердігер мекемесі жұмыстар жүргізіп, аяқтады.
Құрылыс жұмыстары барысында 100 дана бағана орнатылып, 4200 метр электр мен көше жарығына СИП кабель тартылды.
Сонымен қатар, Н.Аймашев көшесіне 40 дана 150 вТ көше жарық шамы, Д.Сатылғанов көшесіне 13 дана жарық шамы,Л.Құрманбаев көшесіне 16 дана жарық шамы орнатылды.
Күні бүгінде жұмыстар аяқталып, “Атырау Жарық” АҚ мекемесі арқылы жарық іске қосылды.
Барлығы жұмысқа 2 техника мен 5 адам жұмылдырылды.