С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз – жарқын болашақ» және «» атты акциялар өтті.
Бөлім басшысы Зияда Сәдуақасқызы аталмыш акциялардың мақсатын, індетпен күресудің маңыздылығын тілге тиек етті. Аудандық емханының нарколог дәрігері Талап Сисенәлиев әлемді жайлаған нашақорлық дертінің адамзат баласының денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер екендігін жеткізіп, оның зияны туралы насихат жұмыстарын әлі де күшейту қажеттігін алға тартты. Акцияға орай аудан жастарының флешмобы тамашаланды.
Айнагүл Шакупова