Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ!

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік қызметкердің бойына парасаттылық, адалдық, әділдікті қалыптастыру мақсатында республика көлемінде барлық еңбек ұжымдарында «Адалдық сағатын» өткізуді жоспарлады.

Осындай шара Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында өтті. Оған «Атамекен» Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Құрманғазы ауданы бойынша филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов, басқарма қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Жандыбаев: - Еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі тек жастарға емес, оның әрбір азаматына байланысты деп түсінемін. Әрбір азамат қоғам өміріне белсенді атсалысып, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге тырысуы керек, сонда ғана біз алдымыздағы мақсатымызға қол жеткіземіз. Ал, қабылданған қағидалар, ұйымдастырылып жатқан барлық шаралар осы мақсатқа қол жеткізудің механизмдерінің бірі.

Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ! – дей келе, 2019 жылы сәуір айында құрылған жаңа ведомство медициналық қызметтердің сапасын қадағалайтынын, дәрілік заттардың айналымы мен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылайтынын атап өтіп, салада жемқорлықты жою, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бағытында оларды тексеруге тосқауыл қойылғандығын алға тартты. «Атамекен» Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Құрманғазы ауданы бойынша филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов жемқорлықтың жат қылық екендігін жеткізіп, халық арасында оған қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуалын орнатудың, қоғам болып күресудің маңыздылығын сөз етті

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521