Бізді іздейтін Софья апа!

(0 Votes)

Қайран, бізді іздейтін Софья апа, бұл ажалы түскірді қойсаңшы, таң ала кеуімде кірпігі мәңгілікке айқасып кетті деген азалы хабарың жетті, жанды жабырқатып.

Өзгеге қайдам, өзімізге қадірлі едіңіз, содан да көңіл азалы, жан жаралы. Иттей ырылдасып жүргенде, бір күні бәріміз де өтеміз осылай, деп күзгі аспандай тұнжырадық та қалдық.

Нұржаудан жазған құйтақандай хабарыңды қолымызға жеткізгенше кемі он рет телефон шалатын едіңіз-ау! Редакцияны енді өзіңіздей болып, кім аяғынан тік тұрғызады? Айнакөш қайда, так маған Қанатжан керек еді... Айбекжан, менің мақаламды осы нөмірге саласың,-деп билікті қардай борататын орыныңыз қалай толады? Көп көрінбесең, бұйрық райында болып келетін әмірлі үніңізді кәдімгідей сағынатын едік, енді міне, мәңгілік сағынышқа айналып кете бардың.

sofiya

Округ әкіміндегілер хабарласпай қалса, газетке жазылу науқаны кезінде сіз екі күннің бірінде келіп: - «Серпер» мынадай, «Атырау» осынша деп мәлімет беріп, қазір округке, поштаға барамын, жылдам жаздыртыңдар деп олардың да жандарын шығарамын ғой, деп өмірге, айналаға еркелейтін сіз енді міне, ғайыптасыз.

Хош, бізді іздейтін Софья апа, жаныңыз жаннатта, иманыңыз рахатта болсын! Көрпе тоздырып көп жатып келін-балаға да салмақ түсірмей жетеғабыл үзілдің де кеттің. Өлімің де өз мінез-болмысыңызға үйлесетіндей шынымен.

Тағы да хош, «Серпердің» сүйікті Софья апасы!

«Серпер» газетінің редакция ұжымы,

ҚР Журналистер Одағының аудандық ұйымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521