Биыл теміржол бойында 12 мал басу оқиғасы орын алды

(0 Votes)

Атырау жол дистанциясы көршілес Ресей мемлекетінің Астрахань облысынан, Ақтөбе облысына дейінгі Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Мақат, Қызылқоға аудандарын қамтып жатырған іргелі мекеме.

Оның бүгінгі басты мәселелерінің бірі – қараусыз малдың теміржолға шығуы. Олардың өріске шығып темір жол бойына жайылуы, локомотивтердің шұғыл тежеу қолдануына әкеліп соқтырады, соның салдарынан пойыздың қозғалыс кестесі бұзылады. Сонымен қатар, жол жиегіндегі теміржолды қардан, топырақтан қорғау үшін тұрғызылған екпе ағаштар мен қолдан жасалған қорғаныс құралдарын, сым қоршауларын бүлдіреді.

Малды теміржолдың айналасында бағудың өз ережесі, өз тәртібі бар. Әр елді мекеннің, шаруа қожалықтың мал жаюға арналған белгіленген учаскесі болуы тиіс. ҚР 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» және басқа да теміржол көлігіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес нұсқаулықтар бойынша қоршалмаған учаскеде малды теміржолдан 300метр қашықтықта арқандаулы бағуға,ал 2000метр қашықтыққа дейінгі үнемі қадағалаумен ұстауғағана рұқсат берілген.

Егер осы заңдылықтар сақталмаған жағдайда, мал иесіне ҚР заңы «Көлік және жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 30-бөлімнің 559-бабына сәйкес әкімшілік шара қарастырылған. Десек те, бүгінгі күні әліде темір жол бойында мал қағылу оқиғалары орын алып отыр. 2020 жылдың 4 айының ішінде Атырау жол дистанциясының Құрманғазы-Атырау учаскесінде 12 мал басу оқиғасы орын алған.

Сондықтан да аудандық әкімдік малды теміржолдан тыс жерлерге шығарып бағу орындарын белгілеп, мүмкін болмаса, теміржол жиегінде төрт-түлікті бағуға арнайы талаптар қойып, мал иелерінің міндеттерін орындауды қатаң қадағалауға алса дейміз. Өйткені, теміржол бойындағы қараусыз малдың артында ең бірінші азаматтарымыздың өмірі, экономикалық-материалдық шығындар жатқанын естен шығармағанымыз абзал.

А.Жылкыбаев,

Атырау жол дистанциясының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521