Биыл Құрманғазыда 482 адам жұмыспен қамтылды

(0 Votes)

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев «Құрманғазы ауданының 2022 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Осы жылдың алғашқы тоқсанында Құрманғазы ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады. Есепті мерзімде 482 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 137 адам тұрақты, 345 адам уақытша жұмысқа орналасты.

Аудан әкімінің айтуынша, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 25 маманға 7,7 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген. Оған қоса тұрғын үй сатып алу үшін 9 маманға 41,3 млн. теңге көлемінде қаражат қаралған.

Марат Мурзиев ауданда 125 отбасында 763 адам атаулы әлеуметтік көмек алатынын да жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT