Бітпейтін жол

Фото ашық дереккөзден
(0 Votes)

 "Атырау-Астрахань" бұл бітпейтін жол,

Жебірге жайлы сынды үптейтін сол.

Әзірге табылмай тұр шын жанашыр,

Осы үшін ауырар бас, күштейтін қол.

Сетінеп тынды ақыры сенген төзім,

Көшіп ақ кетуге бар елден көбі.

Екі мың жиырма екіде желге ұшты,

Жол бастық-Министрдің берген сөзі.

Намысты ел, емес едік сұрар жоғын,

Уәде, уәде емес құрар көбік.

Атыраудан асап-асап қақалғанмен,

Ақыры бітпей қойды-ау, бір ақ жолы.

Көп көрдік аударылған көліктерді,

Қара жер қызыл қаннан көл ішкенді.

Қарайып көңіліміз шығарыстық,

Қимылсыз мылжа-мылжа өліктерді.

Қамсыз жұрт елең-елең жоғарыға,

Олардың тие қоймас көп арына.

Жазықсыз қанша адамдар шейт кетті,

Қалдым деп кім ойлайды обалына?

Сылтау көп, кінәлі жоқ осылар дер,

Түрлі жай кезігуде тосын әркез.

Көліктер зулап ағып келгенімен,

Ыржиып тұр көпірмен қосылар жер.

Бастары көп қатпайды алым жайлы,

Көңілі көнбіс жұрттың тарылмайды.

Талайдың жанын алған қабірістан,

Күткенмен жуық маңда салынбайды.

Көңілдің ыза кернер кемерін көп,

Айтпайды бітпейтін бір себебін дөп.

Обалы жібермегір!-дедік күйіп,

Өйткені одан басқа сенерің жоқ.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT