Біте келген іс бүлініп қала ма?

(0 Votes)

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құрманғазы ауылының батыс бөлігінен «Болашақ» шағын ауданынан 68, «Шипажай» шағын ауданынан 400 үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы 2016 жылдың соңында басталған болатын.

Өткізілген «Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу» конкурсының нәтижесімен «Қарағанды жолдары» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс-монтаж жұмысының құны 1 миллиард 550 миллион 645 мың теңге. Жоба бойынша аталған аумақта газ, су, электр желілері тартылып, ауылішілік жолдары төселіп, тұрғын үй салынатын жерді тегістеп дайын ету жоспарланды. Жобаның қуаты: газ желісі – 21444 метр, су желісі 27406 м, электр желісі 1х95 мм – 19427 метр, 4х35 мм – 21985 метр, ауылішілік жолдар 85692,0 шаршы метр. Мердігер мекеменің келтірген мәліметі бойынша қазіргі уақытта жобаның 1 миллиард 493 миллион теңгесі игеріліп отыр. Кейбір себептермен жобаның тапсырылу мерзімі асып кетуі тұрғын үй салуға рұқсат сұраушылардың орынды ренішін туғызып келеді.

img_5249

Мәселенің мәнісін білу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері инженерлік-коммуникациялық құрылыстың жүру барысын зерделеп қайтты. Нысан басында мердігер мекеменің бірде-бір өкілі болмауы себепті жұмысқа қолбайлау болып тұрған жайттарды аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылыс бөлімі басшысының орынбасары Э.Азатов қысқаша баяндап берді. - Қазіргі уақытта жоба бойынша Құрманғазы ауылының батысында орналасқан Ганюшкин подстанциясына «КСО 292» маркалы екі ұяшық (ячейка) қондыру жұмыстары қалып отыр. Бұл жұмыстар 2019 жылы 7205658 теңгеге жасалуы қажет болатын, алайда «Атырау Жарық» АҚ 2020 жылы жоғарыда аталған подстанцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргілізеді деген себеппен ұяшықтарды қондыруға рұқсат бермеген. Қазіргі уақытта аталған жұмыстардың құны қымбаттап 21000,0 мың теңгені құрап отыр. Енді осы мәселе бойынша келісімге келу жұмыстары жүріп жатыр. Негізінен жобаның қуатында көрсетілген жұмыстар атқарылды, су, газ желілері тексерістен өтті. Жобада топырақ алатын карьерлер кірістірілмегендіктен біраз қиындықтар туындады. Алайда алдағы уақытта түп тереңдету барысында жағалауға шығарылған топырақтар есебінен аяқталмай қалған жерлерді тегістеттіруді жоспарлап отырмыз.

img_5267

img_5255

- Комиссияның зерделеуі бойынша электр бағандары орнатылып, желісі тартылып сақадай сай тұрғанымен ток көзіне қосуда ірікілістер бары айтылды. Сондай-ақ, «Шипажай» шағын ауданының бір бөлігінде газ желісінің шығарылмай кеткені анықталды, «Болашақта» үйдің орындары әлі тегістелмеген, ондай олқылықтар «Шипажайда» да бар. Шығарылып кеткен газ, су желілерінің беткі бөлігі қасақана сындырылған фактілері кездесті. Түнгі мезгілдерде елірген жастар тақтайдай жолмен жарыс ұйымдастырады деген сөздер айтылып жүр. Мұның соңы біте келген істі бүлдіріп алуға әкеле ме деген қауіп басым, себебі бақылау жоқ. Сондықтан мердігер мекемеден қатаң жауапкершілік сұралынуы керек, - деген мониторинг топ құрамындағы депутат Р.Сұлтанияев жағалау бойына үйілген құм топырақты екі мердігерді келістіру арқылы тиімді шешуді ұсыныс етті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521