Бірлік ауылдық округі бойынша Құрманғазы аудандық қоғамдық-саяси газетіне 2021 жылдың 2 жартыжылдығына жазылу науқаны аясында 273 жазылым тіркеліп, қойылған жоспардың орындалғанын хабарлаймыз.
Осыған орай басылымға жазылу кезінде белсенділік танытқан округ тұрғындарына, «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Ж.Шакуповқа, «Амангелді» ЖШС-ң директоры С.Сагидуллинге, С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Р.Сапаровқа, А.Иманов атындағы негізгі орта мектебінің директоры Г.Г.Мурасқалиеваға, "Жұлдыз-ай" бөбекжай балабақшасының меңгерушісі А.Сахбалиеваға, С.Н.Имашев мектебінің мұғалімі Ұ.Имангалиевке, "Бірлік және Амангелді ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториясы басшылығына, Бірлік ауылдық мүгедектер қоғамының төрағассы З.Гумароваға, жеке кәсіпкерлер З.Наурызоваға, Б.Кумароваға, А.Омароваға, пошта меңгерушісі А. Утепкалиеваға алғыс білдіреміз.
Г.Абенова,
Бірлік ауылдық округі әкімі