Аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Е.Гайнетов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Ғұмаровтың қатысуымен жиын өтті.
Е. Гайнетов Бірлік ауылдық ардагерлер ұйымының, ақсақалдар кеңесінің төрағаларын сайлау, ережелерімен таныстыру туралы күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Кеңес мүшелерінің шешімімен Бірлік ауылдық округінің еңбек ардагері, қоғам белсендісі Б. Акбанов ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланса, ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып еңбек демалысындағы ардагер Б.Балтаев сайланды.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Ғұмаров осы уақытқа дейін ардагерлер ұйымының төраға міндетін атқарып келген М. Камзаевқа «Құрманғазы ауданының 95 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен марапаттаса, округ әкімі Н.Дарелов аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Жаңадан сайланған төрағаларға округ әкімі алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.