Бірлікте шағын наубайхана ашылды

(5 Votes)

Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың барлық шаралары қарқынды жасалуда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағытталған заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Соның бірі – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы ұйымдастырылған «Бастау бизнес» жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысқан жеке кәсіпкер Ринат Наурызғалиев 2 млн теңге көлемінде грант ұтты. Бұған қосымша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» жеңілдетілген 5 млн теңге несие алып және өз есебінен қосқан қаражатына Бірлік ауылынан «Жайық» шағын наубайханасын ашты.

naubajkhana1

Ашылу салтанатында құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектемиров аудан орталығындағы 3 наубайхана қатарына қосылған жаңа наубайхананың жұмысы жандануын тіледі. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Хамзаев өз кезегінде ауылда ескі наубайхананың бұзылғанына 20 жылдай уақыт болғанын, жаңа нан даярлау орны – халықтың көптен күткен қуанышы екенін алға тартты. Игі істің лента қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары Жандос Мнафихұлы мен еңбек ардагері Жанұзақ Наурызғалиев жасаған соң, иісі мұрын жарған ыстық нан, кондитерлік өнімдерді тиімді бағада сатып алуға ауыл тұрғындары кезекпен ағыла бастады.

naubajkhana3

naubajkhana4

Наубайхана қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіп иесі Ринат Жанұзақұлын сөзге тартқанымызда, әзірге күніне 500-600 дана нан шығарып, сондай-ақ, ауылдың негізгі кәсібі балық шаруашылығы болғандықтан, көктемгі және күзгі науқандарда балық кооперативтерінің сұраныстарына орай өнім көлемін көбейтуді көздейтінін айтты. Соған сәйкес алдағы уақытта қосымша жұмыс орны ашылатынынан да хабардар етті.

naubajkhana5

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521