Бірлікте өткен Айт мейрамы

(0 Votes)

Бірлік ауылдық округі ауыл жастарының ұйымдастыруымен Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ауылда спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада кіші аяқ добынан жарысқа 6 команда қатысты. Ал 29 маусым күні орталық алаңда балаларға батут құрылып, гір тасын көтеру, арқан тартыс, қой көтеру және соқаға шығып сыйлық алу шаралары өтті.

Алаңда өскелең жастар алтыбақан тепсе, Қайнар кафесінде ауыл үлкендеріне айт мерекесіне орай дастархан жайылды. Осындай игі шараларды ұйымдастырып, басы-қасында жүрген ауыл жастарына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Құрбан айт қабыл болсын! Мереке құтты болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT