Балықшылық Қиғаш бойын мекендеген жұрттың әлімсақтан атакәсібі.
Балықшылар – ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының, оның өркендеуінің бірден-бір себепкерлері. Ендеше, бүгінгі мереке тек балықшылардың ғана емес, ауыл халқының да, қала берді, Қиғаш бойын мекен еткен күллі қазақтың мейрамы деп білеміз.
Мейрам құтты болсын! Міне, осы сөздеріміздің бір айқын дәлелі, аталарының, әкелерінің, ағаларының аулары мен вентерлерін бүтіндеуге көмектесіп, қайықтары мен моторларын жөндеуге жәрдемдесіп келе жатқан ауыл жастары, атакүлдігіміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан балықшыларға өз тараптарынан осындай іс-шара ұйымдастырды.
Бұл – үлкен қуаныш! Өйткені, бұл біздің «ел» екеніміздің айқын айғағы! Елі үшін еңбек еткен ерлеріміздің маңдай тері еш кетпесе, аға ұрпақтың мерейін үстем қылар жастар болса, біз оларға дұрыс тәрбие бере алдық деп мақтануымызға әбден құқылымыз! Бүгінгі күн тек балықшылардың ғана емес, түгелдей ауылдың мейрамы деп отырғанымда сол.
«Кемедегенің жаны бір» дегенді балықшы қауымы жақсы түсінеді. Ендеше, ауыл жастары осы ауызбіршіліктеріңізден тынбаңыздар, әрқашан армандарыңыз биік, мақсаттарыңыз айқын болғай! Осы ауылды өсіретін сіздер, болашағы сіздердің қолдарыңызда! Біз сіздерге сенеміз!