Бірлік ауылдық округі Амангелді ауылы бойынша су тасқынынан қорғану бөгетінің жалпы ұзындығы 1000 шақырым 30 метрді құрайды.
Аудан әкімі Абат Жангалиев Бірлік ауылындағы ахуалмен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың бағытын бақылады. Қазіргі таңда бұл аумақта 2 Шахман, 1 тиегіш көлік, 1 арнайы трактор көлігі топырақ төгіп, бөгеттерді көтеру жұмыстарын атқаруда.
Сонымен қатар, аудан әкімдігімен Бірлік, Сафон, Кудряшов ауылдық округтеріне құм толтыруға қапшықтар бөлініп берілді. Әлі де қажетті материалдар алынып, таратылу жалғасуда.
Бірлік ауылынан сайланған депутат Жұмажан Шакупов жаға бекіту жұмыстарына 220 дана қап алдырып, тапсырды. Халық қалаулысының айтуынша, тағы керекті материалдар алынатын болады. Жаға бекіту жұмыстары жалғасын табуда.