Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №36 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2024 жылғы 24 қыркүйегінен бастап Дәрелов Нұрдәулет Таңатарұлы Бірлік ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Дәрелов Нұрдәулет Таңатарұлы Нұржау ауылы Құрманғазы ауданы Атырау облысында 1983 жылы 1 мамырда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары. Отбасылы.
2000 – 2005 жылдары Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны.

Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы «Құрманғазы Жолдары» ЖШС мекемесінде жұмысшы ретінде бастаған.
2005 – 2007 жылдары Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің «Энергетический» кеден бекетінде бас маман;
2007 – 2011 жылдары Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің «Құрманғазы» кеден бекетінде бас маман;
2011 – 2012 жылдары Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің «Ауежай-Атырау» кеден бекетінде бас маман;
2012 – 2013 жылдары Орлы ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман;
2013 – 2014 жылдары Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;
2014 – 2015 жылдары Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2015 – 2016 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамассыз ету бөлімінің бас маман;
2016 – 2017 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маман;
2017 – 2019 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы
2019 – 2022 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамассыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы аудандық филиалының директоры қызметін атқарып келді.
Аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы бұған дейін осы қызметте болған Гүлжазира Қайратқызының атқарған жұмысына оң баға бере отырып, жаңадан сайланған Нұрдәулет Таңатарұлына сәттілік тілеп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.