Құрманғазы аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қолдауымен «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданының мешіт жамағаттары арасында «BIRLIK-2024» футбол турнирі өткізілді.
Аталған турнирде 11 команда қатысты 90-ға жуық қатысушылармен бірге. Ойын барысында 1-орын РТС командасы жеңімпаз болды. 2-орын Акқөл командасы жеңімпаз болды. 3-орын Самаркин командасы жеңімпаз болды.
Барлық қатысқан қатысушыларға диплом, алғыс хат және әр түрлі сыйлықтар қаржылай сертификатпен марапатталды.
Аталған іс шара мақсаты: Дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, Құрманғазы ауданының дін ұстанушы және ауыл тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастар арасында толерантты діни сана идеологияға иммунитетті қалыптастыру болып табылады.
Спорттық іс шараға өткізуге ғимаратпен қолдау көрсеткен Құрманғазы аудандық спорт мектебінің басшысы Әдебиет Асылбекұлына алғыс білдірем
Жоба қолдаушысы; Құрманғазы Ішкі Саясат Бөлімі Құрманғазы аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Жоба ұйымдастырушысы; ”Құрманғазы-Туған жер” қоғамдық қор