Бірлескен іс - берекелі

(0 Votes)

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмажан Шакупов, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қанат Рысқалиев, Эльмира Хайруллина, Сандуғаш Ғапуова, Нұрлан Мүтиғоллаұлы, Ақәділ Сейілханұлы, Амангелді Ғалиханов Байда ауылында канвассинг өткізіп, тыл еңбеккері Жамиға Дюсалиеваның үйіне барды.

Ардагермен кездесуде партияның тарапынан алға қойылып отырған мақсаттар, ауданның даму бағыттары түсіндіріліп, "Қазақстанның жеті жетістігі" жазылған парақша ұсынылды. Әңгіме барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сандуғаш Ғапуова:   - "Nur Otan" партиясы атынан ұсынылған кандидат ретінде айтарым: елді, қоғамды дамытуға бәріміз де мүдделіміз. Қазіргі ауылдарды бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жарық жүргізілген, жол төселген, қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру партияның әркез назарында және айқын мақсаттарының бірі десек болады. Таяу бес жылдықта көптеген өнеркәсіп орындарын ашу көзделуде. Осы жұмыстар арқылы экономиканы дамытып қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да қол жеткізілмек, - деген үміткер бұл бағыттағы қолға алынатын жаңа жобалар, бастамалар жөнінде сөз тарқатты. Партияның басты ұстанымы ашықтық, халыққа жақын болу екенін айтты.

bca7db76-bda9-46d7-b9c0-0161de4951be

61bf5fb3-9ee1-432a-a34d-2bb837d2ad7c

Одан әрі үміткерлер Байда ауылдық клубында сайлаушылармен кездесті. Өз кезегінде сөз алған үміткер Амангелді Ғалиханов:  

      -  Бұл сайлау - біздің ауданымызда тұрып жатқан әрбір азамат үшін маңызды. Сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Дегенмен, барлығын түсіндіріп, бағдарламаны насихаттау міндетіміз. Ертеңін ойлаған әр адам біздің партияны қолдайды деп үміттенемін. Бүгінгі кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның басты жеті басымдығы туралы айтқым келеді. Жеті басымдықтың ішінде білім, медицина, экономика секілді барлық сала қамтылған. Қазіргі таңда елімізде көпбалалы аналар мен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, оларды еңбекке тарту, баспанамен қамту - маңызды міндеттердің бірі. Біздің өңірімізде де осы санаттағы азаматтардың баспаналы болуына мол мүмкіндіктер жасалуда. Ауданда тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын көтеру де партия назарында. Басты мақсатымыз - "Nur Otan" партиясының ұстанымдарын жеткізіп, тұрғындар тілегіне назар аудару - деген үміткер партияны қолдауға шақырып, азаматтық белсенділік білдіруге үндеді. Бұдан соң сайлаушылар тарапынан түскен сауалдар тыңдалып, нақты жауап берілді.

"Nur Otan " - халықтың партиясы. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің 90 пайызы шешімін табуда. Сол үрдісті жалғастыруды көздеудеміз, - деген кандидат Эльмира Хайруллина әр дауыстың маңызды екенін айтып, сайлауда белсенді болуға шақырды.

chsssssssssschsvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvv

Одан әрі үміткерлер үгіт-насихат шарасының аясында "Nur Otan " партиясының негізгі ұстанымдары көрсетілген бағдарлама мен "Қазақстанның жеті жетістігі" жазылған парақшаларды таратты.

А.Шакупова

"Nur Otan " партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521