Бірінші болып ауыл тұрғыны Дәурен Аманғалиев дауыс берді

(0 Votes)

Бірінші болып Бұзаусылан ауылының тұрғыны Дәурен Аманғалиев дауыс беріп, азаматтық борышын өтеді. 

Бірлігі жарасқан Бұзауслан ауылының осы бір көкірегі ояу, көзі ашық, қай тірлікте де өте белсенді азаматтың бұл қадамы барша ауылдастың үлкені мен кішісіне үлгі боларлықтай. “Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр, оны аудан өмірінен нақты байқауға болады. Өткен қателіктерді түзетіп дамудың даңғыл жолына түсу үшін бізге бірлік, санада сілкініс керек. Қарап отырмын менің ізімді ала тағы да бір топ ауылдасым келді. Осындай ауызбіршілік, өзара түсіністік ел болашағына деген сенім орнатады. Әркім ыңғайына карай дауыс береді деген ойдамын” дейді ауыл тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT