Біріккен Араб Әмірлігінде "Құнанбай" фильмі тамашаланады

Рейтинг: 0 / 5

Бүгін, 27 қаңтарда Әбу-Дабидегі «Манарат әл Саадият» мәдени орталығында Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

Киностудияның мәліметінше, мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылған.

«Құнанбай» киносынан бөлек, «Қазақ биі» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл туындының режиссерлері – Әнуар Садықова және Ғазиз Насыров. Деректі фильмде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баяндалады.

Ал ертең, 28 қаңтарда режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» фильмдері ұсынылады. Бұл туындылардың сценариі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты бірінші романының негізінде жазылған. «Қазақ хандығы» ауқымды тарихи жобаның идея авторы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан киносы күндерінің соңғы күні, 29 қаңтарда режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмдері көрсетіледі.

Туындылардың барлығы қазақ тілінде (ағылшын тіліндегі титрлері бар) ұсынылатын болады.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика