Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі.
Еліміздің барлық өңірлерінде де 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, арттыру.
Осыған орай, ауылдық клубымызда 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» атты мерекекелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараны Еңбекші ауылдық округ әкімі Хамзин Жасқайрат Идаятұлы сөз алып шараға қатысушыларды және барша ауыл тұрғындарын мерекемен қызу құттықтады. Мектеп ұжымымен бірге ұйымдастырып отырған шарамызда, оқушылар бөлініп алты ұлттың киімін киіп шарамызға белсене қатысып, әр ұлттың мәдениетін, сол ұлттың тарихын, және салт – дәстүрін таныстырып, қызықты ақпараттармен бөлісті.
Осы айтулы мерекеде Еңбекші жалпы орта мектебінде одан әрі жалғасын тауып ерлер арасында Волейболдан ауылішілік жарыс өткізілiп 1 орын мектеп командасы, 2 орын жұмекен командасы, 3 орын еңбекшi командасы иелендi. Осылайша күн көзіндей жылылықпен қасиетті ұлылықты паш еткен, адалдықтың есімін, бейбітшіліктің бесігін тербеткен мамырлаған мамыражай мереке Еңбекші округінде керемет көңіл - күйде, жоғары деңгейде тойланды.
Еңбекшi ауылдық округi