Құрманғазы ауданының жас дойбышылары тағы да топ жарды. Облыс орталығында өткен сайыста Қабиев Бекжан бастап барған жас дойбышылар Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама иеленіп, ауданымыздың мерейін тағы бір көтеріп тастады.
Бес бірдей дойбышымыз Атырау қаласынан бірінші орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізіп отыр.
Б.Бегалиев орта мектебінің дойбышыларына сәттілік тілейміз және жаттықтырушылары Қабиев Бекжанмен бірге биіктерден көріне беретініне сенімдіміз.