Биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясының таңдауы қазіргі таңда қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз туындыларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары жылдың үздік шығармалары деп жарияланды.
Осыған орай кітапханада «Берен талант-Бердібек» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Абай орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.
Шара жүргізушісі балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердібек Соқпақбаев екендігін айтып, оның шығармаларынан адамдықтың, адалдықтың самалы есіп тұратынын, оқырманын қашанда әділдікке, парасаттылыққа жетелейтіндігіне тоқталды.
Дарынды жазушының ғибратты ғұмыры және шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу таныстырылды.