Бір бағытпен жүрген дұрыс

(0 Votes)

Өзім ислам дінін қабылдағаныма он жылдың үстіне шықты.

Бастапқыда аздаған сүрелерді жаттап, соларды қаделі жерлерге дұға етуге барғанда оқып жүрдім. Кейін жасым үлкейсе де намазға тұрдым, ораза да ұстадым. Мешітте жұма намазына қатысып, уағыздар тыңдадым. Мұның бәрін мен біреуге көрсету немесе мақтану үшін орындамаймын, Алла Тағала алдында мұсылмандық парызым деп білемін. Одан кейін аудандық мешіт жаназа намазын, қаделерді атқаруға жұмсай бастады. Сауап үшін бұл жұмыстарды да атқарамын.

Менің айтайын дегенім кейбір дін жолында жүрген жастар қабір басына барып құран оқығанға, марқомның үшін, жетісін, қырқын, жүзін, жылын бергенге қарсы.

Жалпы, өлген адамның қаделерін беру ислам шариғатында жоқ десек те, Ханафи мазһабында дінге қарсы келмейтін нәрселерге, ұлттық салт – салт дәстүрімізге тыйым салмаған. Ал, оның негізін қалаушы имам Ағзам Әбу Ханифаның үлкен ғұлама болғанын қалған үш мазһабтың имамдары да мойындаған. Қабір пенденің ақырет күніне дейінгі мекені болғандықтан онда жатқан ата – баба, ағайын – туыс, жора – жолдас, діндес бауырларымызды зиярат етіп, олар үшін Алладан кешірім тілеп, дұға ету, Құран оқып сауабын бағыштау, Пайғамбардың шапағатын тілеу мұсылмандық міндетіміз. “Өлген кісі өлді, кетті”, - деп, қоймай оларға дұға оқуға болатынын Пайғамбарымыз үмметіне айтып, ісімен де көрсетіп кетті.

Мәселен, Ухуд шайқасында шахид болған сахабаларының қабірлерін зиярат етіп, “Сабыр еткен нәрселеріңе байланысты сіздерге сәлем болсын! Сіздер үшін ақірет өмірі қандай жақсы!”, - дегені діни кітаптарда жазылған.

Сондай – ақ, марқұмдарға дұға мен жарылқау тілеуге болатынын Алла Тағаламына аят арқылы білдіреді: “Ей, Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма” (Хашыр сүресі 10 аят). Қаделерде аяттар марқомның рухына бағышталады. Жастарға айтарым, Құран мен сүннетті мазһабсыз меңгеру мүмкін емес. Сондықтан “анау дұрыс, мынаут еріс”,- деп білмейтін нәрселерімізге де пәтуа шығарып, күнәға батқанша бірізбен, Ханафи мазһабымен жүрейік. “Дінді қиындатпаңдар”, - деген Пайғамбарымыздың сүннетін орындайық.

Мырзабек ҒАЗИЗОВ,

ауыл имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521