Бір айда 9 мал басу оқиғасы тіркелді

(0 Votes)

Қараусыз жүрген мал теміржол маңын кезіп, пойыздар қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіретінін теміржолшылардан басқа адамдар біле бермейді. Күніне миллиондаған тонна жүк тасымалданып, оны межелеген жерге қауіпсіз әрі толық жеткізу – теміржолшылардың міндеті.

Ал, қараусыз мал қауіпсіз жүріске кері әсерін тигізіп қана қоймай, жүк тасымалының уақытынан кеш баруына да себепші. Себебі, жолға шыққан малды көрісімен пойыз машинист тежегіш қолданады. Содан мыңдаған тонна жүк тиеген вагон тегершігі рельспен үйкеліседі, нәтижесінде оның үстінде бұдыр пайда болып, істен шығуына соқтырады. Көп жағдайларда мал жолға шыққанда рөлдегі машинист қырағылығы арқасында пойызды тоқтатып үлгереді. Бірақ, малдың пойыз астына басылуы соңғы кезде көбейіп бара жатқаны қатты алаңдатады.

Кейде мал басылуы салдарынан тепловоз қалқаншасы сынып, жүк пойыздарының кестеден кеш баруына әкеледі. Жаман айтпай жақсы жоқ, ол жүк пойызы емес, жолаушылар пойызы болса жағдай не болар еді? Ондай жағдайдың беті әрмен. Атап айтсақ, осы жылдың қаңтар айында пойыз машинистерімен малдың жолға кенеттен шығуына байланысты 25 рет шұғыл тежеу қолданылып, оның 9-ында мал басылу оқиғасы орын алды. Жол қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан экономикамыз дамып, жүктеріміз межелеген орнына, жолаушыларымыз пойызбен баратын жерлеріне аман-есен жетсін десек, малдарымызды қараусыз қалдырмай, пойыздарымыздың қауіпсіз жүрісіне үлесімізді қосайық ағайын!

А.Рахмеденов,

Атырау жол дистанциясы бастығының орынбасары,

Қ.Ералиев,

Ганюшкин стансасы ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521