Бір ай мерзімге тыйым салынады

сурет: turaninfo.kz
(0 Votes)

Балық – байлығымыздың уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Қиғаш өзенінде, оның барлық арналары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда ағымдағы жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында балық аулауға тыйым салынады.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – адамдардың таза табиғат аясында демалу, уақыт өткізу хоббиінің бір түрі болып табылады. Елімізде спорттық-әуесқойлық балық аулауды халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар, жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында ұйымдастырылады.

Мұндай балық аулау кәсіпшілік емес мақсаттағы бір-бірлеп аулауға ғана мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүргізіледі. Аулаудың бұл түрі белсендді демалысты және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу барысында қолданылады. Сондай-ақ, бұл тәсілмен ауланған балықты рұқсат етілген мөлшерде жеке тұтынуға да мүмкіндік беріледі. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда 5 килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Балық аулау қағидалары 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 9 бабы 1 тармағының 57 тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында немесе учаскелерінде балық аулауды ұйымдастыру мен тәртібі бойынша реттеледі.

Қанат ЛҰҚПАНОВ,

Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT