Биологиялық белсенді қоспалар

фото: https://stopfake.kz
(0 Votes)

Биологиялық белсенді қоспалар тамақпен бірге пайдалануға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған өнімдер. ББҚ-ды не үшін пайдалану қажеттігін әр адам пайдаланар алдында толық ақпарат алу қажет.

ББҚ-ды дәрі-дәрмектер орнына қолдануға болмайжы. Дәрі-дәрмектерді аурудың алдын-алу, басқада ауырған жағдайда емдік ретінде қолданса, ББҚ ферменттердің түзелуі үшін қажет, адам ағзасындағы керекті дәрумендер мен минералдарды толықтыру мақсатында пайдаланылады. ББҚ-дың құрамында табиғи өсімдік ингредиенттері бар. Әр түрлі ББҚ пайдалану бұл адам денсаулығы әр түрлі ауруларға төтеп бере алу мақсатында адам сау кезінде қабылдауға ұсынылған табиғи емдік қоспа. Бұны кей адамдар толық түсінбей әр түрлі әлеуметтік желілерде жарияланған ББҚ-ды әр адам өз бетінше денсаулығын түзету үшін емдік мақсатта да қолданып жатады. Бұл адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әр адам ББҚ-ды пайдаланар алдында оны қандай мақсатта пайдалану қажеттігін, құрамын, пайдалану тәртібі мен кері әсер ету белгілерінің бар –жоқтығын біліп, толық танысып алып пайдаланған жөн. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде, сауда орындарында саттыққа шығарылып отырған әр түрлі ББҚ бойынша әр өнімнің қауіпсіздігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы, таңбалану тәртібі бойынша аталған өнімдердің пайдалану мақсаты, дозалары, қарсы көрсетілімдері, ұсынылып отырған өнімдер дәрілік зат еместігі туралы және басқада қажетті талаптар толық көрсетілуі қажеттігін ескертеміз.

Б.Абилова,

жетекші маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT