Бильярдтан аудандық жарыс өтті

(0 Votes)

Биыл ауданымызда алғаш рет бильярд клубы ашылған болатын. Жақында онда келушілер арасында клуб жетекшісі  Айдарбек Ақынжанұлының ұйымдастыруымен аудандық жарыс өтті.  Деректерге сүйенсек Қазақстанда бильярд федерациясы 1992 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап әлемдік турнирлерге қатысқан спортшыларымыз талай мәрте жеңіске жеткен. Аталған уақыттан бері елімізде  бильярдтан сегіз рет Азия, үш рет әлем чемпионаты өткен екен. 

Жалпы бильярд аса үлкен тактиканы, мұқият әдіс-тәсілді және шеберлікті қажет ететін ойын. Оның  үстелін айналып жүру денсаулыққа да пайдалы. Шығармашылық адамының жанына жақын, ой жинақтауға, қорытуға таптырмас құрал ретінде де танымал. Сол себепті қазақтың ірі ақыны, мақтан тұтар тұлғасы Қадыр Мырза Әліде бильярд ойнағанын көбіміз біле бермейміз.

Аудандық бильярд жарысына қатысушылар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Спорттың осы түрін үйренемін, оған қатысып бағымды сынаймын дегендерге клуб есігі қашанда ашық.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT