Білімі мен біліктілігі, іскерлігіне ұласқан

(1 Vote)

Ұстаз қастерлі мамандық. Жер-әлемде сондай сұлу,құнды да ғұмырлы мамандық бар болар-ау, бірақ ұстаздық мамандықтан ерекше мамандық жоқтың қасы. Өйткені ұстаз адамзат баласымен бірге туып, бірлесе өмір сүріп келеді, сондықтан мәңгілік жасай берер құбылыс.

Ұстаз ұғымы – ғұламалыққа жақын ұғым. Ол өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат-әсерін, сырын білетін жан болуға тиіс. Оның бойында мейірім, парасат, талап қоюшылық, мәдениеттілік қасиеттерінің ең жоғарғы сапасы болуға тиіс. Сонда ұстаз деген аты асқақтайды.Сондай ұстаздардың ұстазы ауданның білім беру саласының дамуына өзіндік үлес қосқан , саналы өмірін халықтың баласын оқытуға арнаған, осы жолда сапалы іс тындырған, оқушылар мен ата- аналардың ақылшысы болған, ұлағатты ұстаздардың бірі география пәні мұғалімі, «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» атақтары мен «Бүкіл Одақтық мұғалімдер сьезінің делегаты, «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» Айтмағанбетова София апай еді. Зерек те, білімді қыз Софияның орта мектепте оқып жүрген кезі Ұлы Отан соғысының қиын кезімен сәйкес келіп 14 жасында, 1942-1944 жылдары әрі қарай оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай мектепті тастап колхоз жұмысына араласады. Бұл кезде еңбек «Бәріде майдан үшін» деген ұранмен жүретін. Қабырғасы қатпаған жас қыз тыл жұмысының барлық түріне араласу арқылы оның қиындықтары мен ауыртпалдығын көзімен көрген. Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін өжет қыз орта мектептегі оқуын жалғастырып , оны 1948 жылы бітіріп, Алматы қаласына Қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп 1952 жылы география пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіреді. Отбасы жағдайына байланысты София Айтмағанбетова 1956 жылы Сүйіндік орта мектебіне жұмысқа орналасып, зейнеткерлікке шыққанша еңбек етеді. Апай өте білімді, өз білімін жетілдіруге үнемі көңіл бөлетін, ізденгіш, шығармашылықпен еңбек ететін, еңбекқор ұстаз болған. Ұстаз алдында теңіздің толқындарындай шәкірттер алмасып келіп отырады. Әр шәкірттің өз әлемі бар.Ұстаз-қоңырау.Ол-оятушы,ол-сергітуші,ол-рух сыйлаушы,ол-түсіндіруші,ол-шақырушы. Еңбек еткен жылдар ішінде София апайдың алдынан бірнеше жүздеген шәкірт білім алып шығып, қазақстанның түкпір – түпкерінде, тіпті шет елдерде де еңбек етуде. Басшылық ісіне араласып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жылдар бойы жұмыс жасаған кезінде, мектепті басқару мен бақылау , оқу бағдарламаларын меңгерту жолдары, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, тәлімгерлікті үйлестіру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру, қабілетті оқушымен жұмыс, кабинеттік жүйеде оқу, жас ұстаздарды тәрбиелеу жұмыстарын іскер кісіби маман -басшы ретінде жүйелі орындайтын. Оқушылардың біліктілігі мен бірге тәрбиелілігіне үнемі көңіл бөлетін, оқушылар арасындағы қоғамдық ұйымдар жұмыстарын басқарып- бақылайтын. София Айтмағанбетова аудандық білім бөлімінің пән бірлестігінің жетекшісі , олимпиада топтарының сарап алқасының мүшесі ретінде Азғыр өңіріндегі мектептерде болып, басшылар мен мұғалімдерге әдістемелік көмек беретін еді. София апайдың мектепке келіп жұмысты бастау кезі алғаш Сүйіндік кеңшарының құрылған жылдарымен тұспа- тұс келіп, ауылдағы қоғамдық жұмыстардың барлығына қатысу арқылы, ұстаз- ана жергілікті халықпен ынтымақтастықта бірлесіп еңбек етті. Еңбегі еленіп жоғарыда аталған атақтар мен марапаттарға ие болды. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардың қиындығын көріп білім алып, еңбек еткен, ұстаз- ананың шыққан биіктігі осындай болатын.

Аудандық аналар кеңесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521