2025 жылдың 18 сәуір күні С. Көшекбаев атындағы Құрманғазы аудандық мәдениет үйінде «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-ң ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық қосымша білім беру ұйымдары арасында «QUIZ BATTLE» ойыны өткізілді.
Ойынға: Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінен «АЛАУ», Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінен «КАМЕРТОН», Балалар – жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубынан «БАҒА ЖЕТПЕС ЖАНДАР», №5 психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінен «ЕРЕКШЕ», Құрманғазы аудандық оқушылар үйінен «IQ - ШАБЫТ», Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінен «БІЛІМ САҚШЫЛАРЫ» командалары қатынасты. Алғашқы ашылу сөзін Құрманғазы аудандық Білім беру бөлімінің басшысы Баяров Еділ Ғарипұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойын 6 кезең:
І кезең –«Оңай», ІІ кезең – «Рандом сұрақтар», ІІІ кезең – «Эмодзи сұрақтар», ІҮ кезең– «Аралас сұрақтар», Ү кезең – «Логикалық сұрақтар», ҮІ кезең – «Медиа сұрақтар» бойынша өтті.
Қазір, «Білекті–бірді, білімді–мыңды жығар» деген мақалдың әділдік құрған заманы. Барлық командалардың мақсаты бір – адамның ой-өрісін, білімін жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдесу болды. Ойын жақсы атмосферада өтіп, көңілді ортамен толысты.
Қорытындылай келе, Жүлделі І орынды: Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің «АЛАУ» командасы;
ІІ орынды: Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің «КАМЕРТОН» командасы мен Балалар – жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының «БАҒА ЖЕТПЕС ЖАНДАР» командасы;
ІІІ орынды: №5 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің «ЕРЕКШЕ» командалары иеленсе, Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің «IQ - ШАБЫТ» және Құрманғазы аудандық жас туристер бекетіні «БІЛІМ САҚШЫЛАРЫ» командалары «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Осы ойынның қолайлы ортада өтуіне көмек берген Аудандық мәдениет үйінің директоры Жалғас Сабыржанұлына және қызметкерлеріне мекеме атынан алғысымызды білдіреміз.
«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-і
Өлкетану бөлім меңгерушісі Базарбаев Кенжетай Исатайұлы