Білімді ұрпақ – жасанды интеллект дәуіріндегі басты күш

(0 Votes)

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауын үлкен қуанышпен қабылдадым. Бұл құжат — болашаққа сенімді қадам. Президентіміздің білім саласына ерекше назар аударуы өте орынды. Өйткені жас ұрпақ тек теориялық біліммен шектелмей, жаңа технологияларды тәжірибеде қолдануға дағдылануы керек.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект медицинадан бастап өндіріс пен ауыл шаруашылығына дейін барлық салаға еніп келеді. Осындай жағдайда ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Біз жастарды заманауи цифрлық ортаға бейімдеп, олардың жаңа мүмкіндіктерге дайын болуына жағдай жасауымыз қажет. Жолдауда айтылған бастамалар — еліміздің болашағына салынған берік іргетас деп ойлаймын.

Анар Нуриқызы,
аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры

Фото: Ақорда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT