«Білімді де өнерлі ұрпақ – елдің шамшырағы»

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Білімді де өнерлі ұрпақ – елдің шамшырағы» атты дарынды балалармен кездесу өтті.

Жеңіс тұғырынан көрінген жас жеткіншектерді құрманғазылықтарға үлгі ету мақсатында өткен кешке Шымкент қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының ІІІ орын иегері Еңбекші орта мектебінің 9-сынып оқушысы Гүлнұр Мирасқызы,

o

55-республикалық «Жас музыкант» байқауына қатысушы, Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің домбырадан 4-сынып оқушысы Нұрдаулет Ерланұлы

olimpiada_jpg8

мен республикалық 1-7 сынып арасындағы ХҮІІ «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының байқауына қатысушы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Айару Алтынбекқызы шақырылып,

o

ата-аналары мен жетекші мұғалімдері қатысты. Шараны ауданның Бас ұстазы Гүлфара Өтемісқызы алғысөзімен бастап, жас өрендерді жетістігімен құттықтап, аудан әкімінің м.а Гүлнар Әдебиетқызының атынан арнайы қонақтарға «Алғыс хат» табыстады.

Жиында жеңімпаз оқушылар  жобасымен таныстырып, ұстаздарына ризашылығын білдірсе, ата-аналар да балаларының қабілетін жасынан таныған мұғалімдерге рахметін айтты. Шарада Нұрдаулет Ерланұлы қара домбырасының күмбірімен «Терісқақпай» және ұстазы Гаухар Сатымқызымен бірге «Шалқыма» күйін ойнап,

o

жас талант Наз Дүйсенбай «Отаным» әнімен сәнін кіргізді.

olimpiada_jpg1

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасанова, Д.Нұрпейісова балалар өнер мектебінің директоры Милана Қадырқызы мен әкелер кеңесінің төрағасы Берік Анесов талабы таудай болған жеткіншектерге алар асуының аласармауын, қатары толуын тілек етті.

olimpiada_jpg3

olimpiada_jpg2

olimpiada-dombyrashylar

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT