Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың соның ішінде жасанды интеллектің ролі өте маңызды болып келетіні бәрімізге мәлім. Электронды ресурстарды тиімді пайдалану білім беру процесінің тиімділігін арттыруға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Осыған орай М.Әуезов мектебінің белсенді ұстазы, инноватор, педагог-зерттеуші Кажапова Улболсын Темірбековна «Білім сапасын арттыруда электронды ресурстарды тиімді пайдалану жолдары» атты шеберлік сынып өткізді.
Семинардың мақсаты — мұғалімдерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақтарда тиімді пайдалану жолдарын көрсету және жаңа технологиялармен жұмыс істеудің маңызды аспектілерін талқылау болды. Шеберлік сынып барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі жаттығулар, интерактивті әдістер, заманауи электронды ресурстарды пайдалану бойынша практикалық сабақтар жүргізілді. Мұғалімдер білім берудегі жаңа инновациялық тәсілдерді меңгеріп, өз тәжірибелерінде қолдану үшін қажетті дағдыларды алды.
Шеберлік сыныбының тақырыбы өзекті мәселелерінің бірі болып табылатының мектеп директоры Гаухар Мәжитқызы өз сөзінде заманауи мұғалім қаншалықты табысты, креативті бола алады, солғұрым өскелең ұрпақ та сауатты, білімді, өзгермелі қоғамда бейімделе алатынын ерекше айтып кетті. Барлық қатысушылар өздеріне қажетті пайдалы ақпарат пен тәжірибе жинақтап, жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдануға дайын екендерін білдірді.
Бұл шара ұстаздар қауымының кәсіби дамуына үлкен серпін беріп, шығармашылық тұрғыда жаңашылдыққа ұмтылуға мүмкіндік туғызды.
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Маткалыкова