Білім саласының үздіктері марапатталды

(0 Votes)

Аудан әкімі Абат Жанғалиев ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысып, білім саласының үздіктерін марапаттады. Аймақ басшысы аянбай еңбек етіп жүрген барша мұғалімге алғыс білдірді. Мемлекет тарапынан білім беру саласына үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті.

Мерекелік шарада мінсіз еңбектерімен танылған педагогтар облыс әкімінің алғыс хатын иеленсе, білім беру саласының бір топ ардагер ұстазының өңіріне «Махамбет-дауылпаз» медалі тағылды. Бала оқыту ісінде өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім берген мұғалімдерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда, түрлі бағытта жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен мектептер мен балабақшаларға түрлі номинациялар берілді. «Ең үздік пәндік олимпиадашылар командасы-2023» - Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі, «Ең үздік табысқа бағытталған мектеп командасы-2023» -Абай атындағы жалпы орта мектебі, «Ең үздік оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытушы команда-2023» - М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі, «Ең үздік отаншыл ұрпақ тәрбиелеу командасы-2023» - Қадыр Мырза Әли, «Ең үздік оқушыларды өнерге баулу командасы-2023» - Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі марапатталаса, «Ең үздік бүлдіршіндерді өнерге баулу командасы-2023» - «Балбөбек», «Ең үздік бүлдіршіндердің зерттеу іс-әрекетін дамытушы командасы-2023» - «Өркен», «Ең үздік ата-анамен ынтымақтастықты дамыту командасы-2023» - «Мерей», «Ең үздік бүлдіршіндердің зияткерлік дағдыларын дамытушы команда-2023» - «Айбөбек» бөбекжай балабақшалары ұлығыланды.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру және марапаттау үшін сөз аудандық мәслихат төрағасы міндетін уақытша атқарушы Ерлан Хисметуллинге беріліп, аудандық мәслихат және «Amanat» партиясы аудандық филиал төрағасының алғыс хатын бір топ ұстазға ұсынды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева мерекелік құттықтау лебізін білдіріп, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын және аудандық білім бөлімінің алғыс хатын бір топ педагогтарға тапсырды. Салтанатты шараны мұғалімдер шәкірттерімен бірге өз өнерлерін ортаға салып, «Қарлығаш» би тобы бимен көркемдеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT