Білікті мемлекеттік қызметші - ел мерейі

(0 Votes)

Атырау облысында бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің 67,6 пайызы меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға тағайындалды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақта мемлекеттік қызметшілердің саны күн сайын артып келеді, соның ішінде жастардың да үлесі зор. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста 29 жасқа дейінгі 421 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды екен.

- Бүгінгі таңда кәсіби тәжірибесі бар әрбір мемлекеттік қызметші ішкі конкурстар институтының арқасында өзінің мемлекеттік органында ғана емес, сонымен қатар, республика бойынша кез келген басқа жолмен мансабын жоғарлату мүмкіндігіне ие. Өзіңіздің жұмысыңыздың қыр-сырын білу, өз міндеттеріңізді сапалы орындау, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту - бұл кәсіби және мансаптық өсу үшін жақсы трамплин, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы Расул Медетов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Атырау облысында 3029 мемлекеттік қызметші бар. Оның 1559-ы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс жасайды.

Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: Дереккөз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21