Білікті маман – мемлекеттік қызметтің беделі

(1 Vote)

Еліміздің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының жоғарлауы, қоғамның әр саласының дамуы біріншіден, мемлекеттік қызметшінің еңбегіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшінің көтеретін жүгі ауыр, соған қарамастан олар қабілетті, өз қызметін адал да абыройлы атқаратын, жауапты, күндіз-түні тынбай еңбек ететін азамат болуы тиіс.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет – үкімет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір. Сондықтан сол «алтын» деген белгіге лайық болу үшін әр мемлекеттік қызметші айналасына өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірбиесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуы парыз. Олардың соңғы лауазымының еңбек өтіліне сәйкес еңбекақылары да жоғарылады, бұл бір мемлекеттік мекемеде ұзақ жылдар жұмыс жасап, сол саланың нағыз майталманы атануға ықпалын тигізеді. Оған қоса тиімділік нәтижесі бағаланып, жоғары болған жағдайда жыл соңында 4 еңбекақы мөлшерінде бонус беріледі. Кез келген лауазымда, қаңдай жағдайда да, ең алдымен елдің сенімін жоғалтпай, керісінше арттырып, жоғарыда атап өткен қасиеттерге ие болуға өз-өзін тәрбиелесе, сонда ғана мемлекеттік қызметшінің Отанының алдындағы беделі асқақтай түседі.

Алена Джумахметова,

Бірлік ауылдық округ әкімі

аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521