Білікті маман –мемлекеттік қызметтің беделі

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет деген, аты айтып тұрғандай, елге ерінбей еңбек ету, халық үшін барын салып қызмет ету деген сөз.

Мемлекеттік жүйені қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі де осы мемлекеттік қызметкердің беделін көтеру, мемлекеттік қызметті нығайту. Себебі, мемлекеттік қызметкердің беделі – бұл мемлекетіміздің беделі іспеттес дүние. Шындығында мемлекеттік қызметкер ол билік иесі емес, елінің ертеңі үшін бар күш-жігер, қайратын жұмсайтын іскер жан болуы керек. Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтереді.

Асан ауылдық округ әкімінің аппаратында қазірге таңда 4 мемлекеттік қызметші өз жұмысын атқарып келеді. Жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі үшін адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастырған. Халықпен тығыз байланыста болу, олардың мұң-мұқтажына дер кезінде жауапкершілікпен қарау – қоғамдық байланыс орнатудың негізі болғандықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге міндет саналады.

 

Азамат Нурланов,

Асан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT