БІЛІКТІ МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін бекіту және қалыптастыру, мемлекеттік жүйені дамытудың ең басты бағыттарының бірі.

"Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген халқымыз бүгінгідей тәуелсіздік тұғырын нықтап, тұрақтылықты қалыптастыруы - мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарының оң нәтижесі деп білемін.

Мұндайда халықты өркениет көшіне жетелейтін ең алдымен мемлекеттік қызмет тізгініндегі азаматтарға зор жауапкершілік жүктелген.

Бұқарамен байланысып, іскерлік қарым-қатынас жасауға мемлекеттік қызметшілердің үлгі бола білуі, қоғамның дамуына жол салар тұлға ретінде маңызды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, біліктілігін арттыру, интеллектуалдық ынтымақтастық пен ортақ тіл табуда ең бастысы адамдық қарым-қатынас жасау жүйесін қалыптастыруы. Ол үшін әрине, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қызмет этикасын, функциональдық міндетін жетік білуі шарт. Сонымен қатар, қызмет әдебін сақтай білу керек. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай, кәсіби еңбегіне жанашырлық таныту Конституциялық құқықтарын меңгерудегі біліктілігіне негіз болмақ. Сонда ғана қоғамның ілгерлеуіне ықпал етер қозғаушы күш - мемлекеттік қызметшінің өркениетті ел мүддесі үшін үлесі зор екені айқын.

Жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар ар-намыс кодексін жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі үшін адамгершілік қарым-қатынас, тілдік нормаларын қалыптастыруынан бастау алады. Бұл қоғамдық байланыс орнатудың негізі болғандықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге міндет саналады.

 

Т.Утеушева,

Кудряшов ауылдық округі әкім аппаратының

бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT