Билет пойыздың тек бір вагонына сатылмау қажет

(0 Votes)

Қиғаш ауылының тұрғыны Амангелді Лұқпанов олар жаз мезгілінде судан тапшылық көретіндерін алға тартып, бұл мәселені мұнара орнату арқылы шешуге болатынын жеткізді.

Элла Әнесова "Атырау-Жарық" АҚ күннің кез келген мезгілінде жарықты өшіріп тастап, кері қосатынын, осыдан кейбір тұрмыстық техникалары істен шыққанын айтып ренішін білдірді. Сонымен қатар, балабақша жарнасын интернет арқылы онлайн төлемге қосуды өтінді.

Ұлмекен Меңдіғалиева балалар ойын алаңы жөндеуді қажет ететініне тоқталып, тұрғындар үшін "Астрахань-Атырау" пойызының тек бір вагонына билет сатылатынына наразылығын білдірді. Алдағы уақытта ешқандай қиындықсыз оған емін-еркін мінудің жолын қарастыруды сұрады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521