Білектілер біріншілігінде

(0 Votes)

Мүгедектердің спорттық клубында тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті және есту қабілеті төмен спортшылар арасында пауэрлифтинг пен армрестлингтен облыстық чемпионат өтті.

Сайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан-спорттық ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Жылыой, Қызылқоға, Индер аудандарынан және Атырау қаласынан спортшылар қатысты. Армрестлингтен аудан намысын 65 келі салмақ дәрежесінде қорғаған Нұртай Өтежанов үздік атанды.

Ал, 70 келі салмақта сайысқа түскен Нәжімеден Төлегенов жүлделі үшінші орын еншіленді. Облыстық іріктеу сайысында үздік атанғандар Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. Ауданнан қатысқан спортшыларды жарысқа мүгедектердің спорттық клубының әдіскері Ерлан Жұмарстанов дайындап алып барды.

Тағы бір жағымды жаңалық, гір спортынан және армрестлингтен Ақтөбе қаласында өткен ел біріншілігінде ауданға  танымал  бесаспап спортшы Ерсейіт Бралин қол күресінен қола жүлдегер атанды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521