«Биікке самға, жас дарын!»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде  «Биікке самға, жас дарын!» атты IV аудандық дарынды оқушылар форумы өтті. Оған аудан мектептерінің жетістіктерімен көзге түскен, түрлі деңгейдегі байқаулар мен сайыстарда топ жарған дарынды оқушылары мен командалары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова құттықтау тілегін білдіріп, республикалық олимпиада, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары Айару Амангелді (Ф.Оңғарсынова), Назерке Қанатқалиева (Д.Нұрпейісова), Гүлнұр Дибекқызы (Ы.Алтынсарин), Арайлым Серікбаева (С.Имашев), Гүлнұр Манат (Еңбекші), Әсем Серікованы (Ы.Алтынсарин) марапаттап, әрқайсысына демеушілердің қолдауымен 50 000 теңге ақшалай сыйлық берілді. Келесі кезекте аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов республикалық байқау жеңімпаздарын ұлығыласа, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев облыстық олимпиада, ғылыми жоба жеңімпаздарын алғыс хатымен марапаттады. Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының әдіскері Нұрбибі Сәрсенова білім додасында топ жарған шәкірттерді және ұстаздарды құттықтап, түрлі марапаттар табыстады. Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Әуез Изжанов республикалық ғылыми жоба мен пәндік олимпиадаларда үздік шыққан шәкірттердің ұстаздарына кәсіподақ атынан сыйақы мен шипажай жолдамасын ұсынды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева ауданның білім саласындағы жетістіктерін саралап, «Үздік білім беру ұйымы-2022» номинациясын Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің директоры Алтын Қаменоваға табыстады. Сонымен қатар, облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хат тапсырды.

f

forum2

forum3

forum4

Форумда өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасы тамашаланып, соыңда «Дарындылар гимні» орындалды.

Айнагүл Шакупова    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT