«Би де бір жұмбақ әлем»

(0 Votes)

29-сәуір - жан мен тән сұлулығын, махаббатқа толы мөлдір сезімді, нәзіктік пен әсемдікті баяндайтын «Халықаралық би» күні.

Осыған орай, С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Би де бір жұмбақ әлем» атты бишілер фестивалі өтті. Оған аудандағы белді би-топтары қатысып, әсем биімен талайдың қошеметіне бөленді. Сахна шымылдығы «Аққу» биімен ашылып, кіші топтағы «Қарлығаш» би тобының «Қазақ» және «Балбырауын» биіне ұласты.

img-20220503-wa0073

Қимыл-қозғалыстарына қарағанда қазақ билері бір-біріне ұқсас келетін, алайда кез-келген бидің құрылымында болмысында тарихында ерекшеліктері барын «Домбыра» мен «Қызғалдақ» биін мыңбұрала билеген «Наз» би-тобының бишілері дәлелдеп берді. Шараның көркін Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Шұғыла» би тобы «Журавли» биімен қыздыра түсті.

img-20220503-wa0075

img-20220503-wa0074

Сонымен қоса, 2022 жылдың наурыз айында Назерке Жұмабайқызының жетекшілігімен құрылған «Гаухартас» би-тобы да дебют алып, кіші топ бүлдіршіндері «Озорные обезьянки» трюктік биімен қалың көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мерекелік концертте халықтық билер қойылып, Заря Қуаныш, Раушан Сәрсенова, Ермек Айсын сынды әншілер өнер көрсетті. Ал, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділбек Шафхатұлы шараны қорытындылап, аталған бөлім басшысының алғыс хатымен Клара Қыдырсихқызы, Бақыт Жәдігерқызы, Радима Жантемірқызы, Назерке Жұмабайқызын сынды топ жетекшілерін марапаттады.

img-20220503-wa0076

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT