Бүгін сағат 07.00-де Кудряшов ауылдық округінде АЭС салу бойынша республикалық референдум басталып кетті.
Мұндағы дауыс беру учаскесіне тұрғындар ертемен келіп, ерекше белсенділік танытуда. Ең алдымен учаске алдында Әнұран ойнады. Учаскелік комиссия төрағасы Сұлушаш Еламанқызы ауыл халқы елдің ертеңі үшін маңызды мұндай саяси науқандардан тыс қалмайтынын айтады.
«Бүгінгі референдумның жөні бөлек. Себебі, бұл жолы азаматтарымыз Атом электр станциясының құрылысына қатысты өз таңдауларын жасап жатыр. Былайша айтқанда, әр қазақстандық өзі тұрып жатқан мемлекетінің ертеңгі жарқын келешегі үшін дауыс беруде. Сондықтан да болар, бүгін таң атысымен тұрғындар дауыс беру учаскесіне көптеп жиналуда. Осының өзі олардың ел ертеңіне бей-жай қарамайтындығын айқын көрсетіп отыр» деді ол.
Әділет АМАНГЕЛДі