Сафон ауылдық округінде де жаға бекіту жұмыстары қызу қарқын алды.
Бөгет асты толы халық. Қазір су жоқ болғандықтан «Камаз» автокөлігімен әкелінген топырақ сол жерде қапталып, түйілген бөгеттің іргесіне қалануда. Жақын жерде самаурын салынып, қазан көтерілуде.
– Жастарымыз белсенділік танытуда. Үлкендеріміз де үйде отырып қалмай қай жерді қалай көтеру жайлы кеңес беруде. Осы жұмысқа аналарымыз да атсалысуда. Бір тиегіш трактор, 2 «Камаз» автокөлігімен топырақ тасылуда. 2 мыңға жуық қаптарымыз бар, тағы 500 данасы келе жатыр. Мұнда жүргендердің ораза ұстағандарынан басқасы осы жерде түскі тамақпен қамтылады. Өр суынан қорғауға ұйымшылдықпен кіріскен ауыл тұрғындарына ризашылығымды білдіремін, – дейді округ әкімі Роза Хамзаева.