Бетпердесіз жүрген қызметкерлер

(0 Votes)

Әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ жұмысын жандандыруда.

Топ мүшелері орталықтағы «Серпер», «Серпер 2», «Береке» базарларын, азық-түлік дүкендерін, «Айнагүл» шаштаразын, «Аманат» құрылыс дүкенін аралады.

rejd31

Нысан басшыларына санитарлық талаптарды қатаң сақтау тапсырылды. Есіктің кіре-берісінде антисептик құралы, инфрақызыл маңдай термометрінің қойылуы, ара қашықтықты сақтау қажеттігі ескертілді. Ғимарат сыртына бетпердесіз кіруге болмайтыны туралы ескертпе жазу ілініп тұрса да, қызметкердің өзі бетпердесіз тұтынушымен қарым-қатынас жасауы «Серпер» базары мен «Сағынай» азық-түлік дүкенінен анықталды. Карантин талабын бұзған сатушы мен тұтынушыға да хаттама толтырылып, түсініктемелері алынды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521