Бес жылға бекітілген тариф бар

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Әлібек Төлеп, «Атырау Жарық» АҚ облыстық филиалының күрделі құрылыс бойынша вице-президенті Багитжан Алипов, аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, аудандық мәслихаттың депутаты, «Сұңқар» ЖШС басшысы Нұрлан Хұсайынов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусин, «Атырау Жарық» АҚ аудандық филалының басшысы Игор Абуғалиев  Құрманғазы ауылындағы  электр энергиясын тарататын «Ганюшкин» қосалқы стансада болып, аудан тұрғындары мен мекемелерді токпен  қамту және тариф мөлшері, 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысымен  танысты.

Аталған стансаны аралау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Әлібек Төлеп:

– Монополистер қатарына кіретіндіктен бұл мекеменің қызметі ашық болуы тиіс. Себебі, жұмыстарының бәрі де тариф есебінен жасалып жатырған нәрселер. Тұтынушылардың төлемі қандай мақсатқа, шараларға жұмсалғаны қолжетімді  болуы керек. Осы жылы мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жасалған екен. Алдағы уақытта оны да көрсету қажет. Қанша қаржы, қайда, неге жұмсалды? Тарифті біз 2020 жылы 5 жылға бекіттік. «Атырау Жарық» энергия таратушы мекеме. Ал, тарифпен «Атырау энергия сату» мекемесі айналысады. Жалпы, электр энергиясының бағасы бірнеше бөліктен тұрады. Біріншісі оны өндіру тарифі. Тарату тарифі өз алдына бір бөлек. Одан кейін электр энергиясымен жабдықтайтын, сататын «Атырау энергия сату» мекемесінің өз тарифі бар. Осы үшеуі бірігіп бүгінгі төлеп отырған тарифтің бағасын құрайды. Халыққа беріліп отырған электр энергиясы қосылған құн салығымен -6,2 теңге. Бұл тарифтің ең төменгісі, - деп, еліміздің өзге өңірлерінмен салыстырғанда  Атырау мен Ақтөбе облыстарында электр энергиясы арзан екеніне тоқталды. «Атырау Жарық» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының 2021 жылы орындалу барысын сұрады.

atyrau-zhary

«Атырау Жарық» АҚ облыстық филиалының күрделі құрылыс бойынша вице-президенті Багитжан Алипов:

– Инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысында тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін, қосымша жүктемелерді қосуды қамтамасыз ету үшін қуатты арттыруға және пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Құрманғазы ауданындағы 110/35/10 кв №69 «Ганюшкино» қосалқы стансасына техникалық жаңғырту жұмыстары жасалды. Қосалқы станса 1974 жылы пайдалануға берілген. Ол әлеуметтік мақсаттағы нысандар мен елді мекендерді электрмен жабдықтауға арналған. Соңғы кезде нысанның  физикалық тозуы нәтижесінде техникалық сипаттамалары нашарлады, бұзылулар мен апаттар саны артты. Бұл жөндеу шығындары мен электр энергиясының  жеткіліксіздігіне, жабдықтарының тоқтап қалуына соқтырды. Жаңғырту жұмыстары барысында қуатты 32МВА-дан 50МВА-ға дейін ұлғайту үшін трансформаторлар, 35 және 110 кв тарату құрылғылары, 110 және 35 кв коректендіру желілері мен қабылдау порталдары түгел ауыстырылды, - деп 2022 жылы 110 кв әуе желілерін, тозығы жеткен 0,4-6-10кв желілерді ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

a

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521