БЕС ТҮРЛІ САЙЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

(0 Votes)

Аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен Сафон ауылдық округінде Халықаралық туризм күніне орай мектеп ұстаздары арасында туристік слет өтті.

Слетке Абай, Бегалиев, Ломоносов, Гоголь, Еңбекші, Сәрсенбаев, Мұқанов, Энгельс, Панфилов, Ақкөл, Әуезов, Крупская, Имашев, Нұржау, Қиғаш, Алтынсарин, Шортанбай мектептерінен жалпы саны 17 команда қатысып, бақтарын сынады.

img_2900

img_2870

img_2881

Шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ Баяров, Энгельс орта мектебінің директоры Сабыржан Жұпарғалиев сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

img_2855

img_2886

img_2889

Табиғаты тамылжыған Панкрашкин аралындағы орман арасында өткен, екі күнге созылған шараның алғашқы күні спорттық техника жарысынан басталды. Оның барысында мұғалімдер әртүрлі туристік-спорттық кедергілерден өтіп, күш-жігерлерін байқатты. Мұнда кейбір командалар қандай кедергіні де еңсеріп, өздерінің жылдамдықтарымен көзге түсті. Одан кейін слет жағажай волейболына жалғасты. Кешке аспазшылар сайысы өтіп, ұстаздарымыз өздері дайындаған дәмді тағамдарын ұсынды.

img_2911

img_2919

Сонымен бір мезгілде туристік ән шырқау, 3-5 минуттық әзілден құрылған конкурстық бағдарлама өрбіді. Іңір басталғаннан кейін туризм қалашығы кешкі ән-би кешімен сәнін тапты.

img_2924

img_2964

Келесі күні слет туристік бағдарлаудан жарысқа ұласты. Көңілді сәттерге, думанға толы шара сол күні қорытындыланды.

img_2966

img_2967

Нәтижесінде туристік техника бойынша І орын Ломоносов, ІІ және ІІІ орындарды Имашев, Алтынсарин орта мектептері иеленді. Спорттық бағдарлауда І орында Бегалиев мектебі. Кейінгі екі орын Сәрсенбаев, Ломоносов орта мектептеріне тиді. Туристік ән сайысы бойынша І-ІІ-ІІІ орындарды тиісінше Бегалиев, Сәрсенбаев, Ломоносов білім ұялары алды. Жағажай волейболында І орынды аудандық білім бөлімі иеленсе, І және ІІІ орындарда Абай және Әуезов орта мектептері. Қысқа әзілдерден Ақкөл орта мектебі алдына жан салмаса, Сәрсенбаев пен Абай орта мектептері ІІ және ІІІ орынды қанағат тұтты.

img_2972

Тағылымы мол шараның өз дәрежесінде өтуіне Сафон ауылдық округі, Энгельс орта мектебі өз үлестерін қосты. Аудандық Жас туристер бекетінің басшысы Алмажи Өтегенов слетті қорытындылап, барлық жеңімпаздарға түрлі дәрежедегі дипломдар табыс етіп, алда да биіктерден көріне беріңдер деген ізгі тілегін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521